Әлеумет

«АСАР» ӘЛЕУМЕТТІК АКЦИЯСЫ

ebb432585ffb9575278a7822f4d

Астанада Қазақстан халқы ассамблеясының қалалық хатшылығының бастамасымен Білім басқармасы мен елорда әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесі бірлесе отырып, балалар үйін қолдап, қаржылық демеуге бағытталған «Асар» әлеуметтік акциясын өткізді.

Аталған игі шара жетім ба­ла­ларға қайырымдылық көмек көрсету,  Қазақстандағы  қараусыз қалған балалардың тағдырына қоғам назарын аудару мақсатын көздейді.

Акция аясында Астана қаласының «Алеф» еврей мә­дени орталығы, «Лад» славян қоз­ға­лысы секілді этномәдени бірлес­тіктер мен түрік және түр­кімен мәдени орталықтары, құқық қорғау органдары және Ұлт­тық қауіпсіздік қызметі мен білім саласының өкілдері Балалар үйінің тәрбиленушілерімен кездесті. Қонақтар балалардың шығар­машылық шеберханаларында болып, олардың өнерін тамашалады.

Келген меймандарға тәрбие­ленушілер өздері жасаған му­зы­калық бұйымдарды сыйға тартты.

 

Жақсы СӘТҰЛЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button