Қоғам

«Асау тұлпар» – түрік тілінде

Кеше Астанадағы Сәкен Сейфуллин музейінде «Сырсандық» сериясының Х томы «Асау тұлпар» зерттеу кітабының түрік тіліндегі аудармасының тұсаукесері өтті. Аталмыш іс-шара Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналды.

Сәкен Сейфуллиннің «Асау тұлпар» өлеңдер жинағы 1922 жылы Орынборда жарық көрді. Ал арада бір ғасыр өткенде жинақтың зерттеліп, монографияға айналуына, «Сырсандық» серия­сына енуіне С.Сейфуллин музейінің басшысы Марат Әбсеметов мұрындық болды. Еңбек авторы – Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультеті түріктану кафедрасының докторанты Алуа Тоқтарбаева.

Жас ғалым 2015-2019 жылдары Түркияның Измир қаласындағы Еге университетінің түрік тілдері бөлімінің магистрлік дәрежесін алды. «Сәкен Сейфуллиннің «Асау тұлпар» кітабының түрікшеге аудармасы және зерттелуі» тақырыбында магистрлік диплом жұмысын қорғады. Бүгінде С.Сейфуллин музейінде экспозициялар мен көрмелерді ұйымдастыру жөнінде маман қыз­метін атқарады.

Автордың бұл магистрлік еңбегін шығарудағы мақсаты ақынның елордадағы музейінің қорында сақтаулы, санау­лы түпнұсқа шығармаларын түрік оқырмандарына жеткізу арқылы мемлекеттер арасында алтын көпір орнату болды. Кітапқа Сәкен Сейфуллиннің 1922 жылы Орынборда шыққан «Асау тұлпар» кітабының факсимильдік көшірмесінің транскрипциясы (төте жазудан латиницаға көшіру, оқу), түрік тіліндегі аудармасы және сөздігі енген. Сонымен қатар монографияда «Асау тұлпар» шығармасындағы өлеңдердің тіл дыбыстарының жүйесі (фонетика), сөздің грамматикалық тұлғасы (морфология) зерттелген.

Оспан СҮЛЕЙМЕНҰЛЫ, ағартушы-ұстаз

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button