Басты ақпарат

ӘСЕМ ӘУЕНДЕР ӘУЕЛЕДІ

Қазақстан Республикасының Тұң­­ғыш­ Пре­зи­ден­ті­ кү­ні­ «Қа­зақ­­стан»­ ор­та­лық­ кон­церт­ за­лын­да­ үл­­­кен­ мерекелік концерт өтті.

Жасынан халық әндерінің қай­на­ры­нан­ су­сын­дап­ өс­кен­ Ел­ба­сы­ның­ ме­ре­ке­лік­ кү­ні­не­ орай­ла­с­ты­рыл­ған­ сал­та­нат­ты­ ша­ра­ Қа­ра­қат­ Әбіл­ди­на­ның­ орындауында халық әні «Илигаймен» ашылды. Сондай-ақ, Айгүл Қосанова, Ардақ Балажанова, «МузАРТ» ансамблі, «Бәйтерек» тобы секілді елімізге белгілі эстрада жұлдыздары да ән шырқады. Бұл кеште халық әндерімен қоса Нұрсұлтан Әбішұлының сөзіне жазылған Алтынбек Қоразбаевтың «Үшқоңыр», «Сарыарқа» секілді танымал әндері де халық назарына ұсынылды. Ал, Ресей, Белоруссия, Армения, Өзбекстан, Башқұртстан, Қырғызстан мемлекеттерінен осы мерекеге арнайы келген өнер жұл­дыздары Астана қаласының «Саз­ген сазы» эстрадалық-симфо­ния­лық оркестрінің сүйе­мел­де­уі­­мен қазақтың халық әндерін қа­­зақ тілінде шырқап, көпшілік қо­­ше­метіне бөленді. Молдавия мем­­лекетінің халық әртісі Констан­тин Москович молдаван елінің ұлт­тық аспабына халық әндерін салып, жиналған қауымды тамсандырды. Ол қазақ халқына және оның Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа деген ілтипатын қазақ тілінде жеткізді.

Елбасының және оның заман­дастарының сүйіктісіне айналған «Команда молодости наши» әнін Қайрат Баекенов орындап, өткен күндерге шегініс жасады. Сондай-ақ, Елбасының өмірінен сыр шертетін деректі фильм көрсетілді.

Хамит ЕСАМАН

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button