Елорда күні

Әсем ғимараттар тұрғызамын

Күннен-күнге бой түзеп дамыған елорданың әдемі ғимараттары алыстан көз тартып тұрады. Осындай әсем қаланың құрылысына өз пайдасын тигізіп жүрген астана құрдастарының бірі – Елназ Елтін. Павлодар қаласынан арман қуып келген Елназ қазір BI Group компаниясында инженер-технолог болып қызмет етеді. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құрылыс мамандығын тәмамдаған.

[smartslider3 slider=3415]

 

– Жас қаламызда жаңа ғимарат көп салынатындықтан, осы саланы таңдадым. Мұндағы көп ғимараттардың ерекшелігі қатты ұнайды. Астананың өзіне тән ерекше атмо­сферасы бар. Мұнда бәрі жаңа әрі таза, сондай-ақ барлық жағдай жасалған. Осы атмосфера үшін басқа қалаға көшкім келмейді әрі күннен-күнге құлпырып келе жатқан қаламызға үйреніп қалдым. Бос уақытымда Ботаникалық саябақта көп серуендеймін. Бұдан бөлек, қаладағы өтетін мәдени шараларға барып тұрамын. Бұрын әжем екеуміз Талдыкөлдегі аққулар мен қоқиқаздарға сырттан қарағанды ұнататынбыз. Өкінішке қарай, қазір ондай мүмкіндік жоқ. Қала әкімдігі осындай экологиялық мәселеге назар аударса деп ойлаймын. Министрлер үйінің жанындағы көпір мен амфитеатр алаңына оңашада серуендеп қайтамын. Әсіресе кешкі уақытта шамдары жарқырап, басқа әлемде жүргендей боласың. Елорда – білімді, өзіне сенімді жастардың арманын жүзеге асыратын, қабілетіңді дамытуға зор мүмкіндік беретін қала. Болашақта өз салам бойынша қаламызда әдемі ғимараттар бой түзесе қуанар едім. Туған күнің құтты болсын, менің қалам!

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button