ЖаңалықтарҚала мен Сала
Асханаңыз талапқа сай ма?
Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі мектеп асханаларын тексеріп, бірқатар кемшіліктерді тапты. Вице-министр, Ерік Байжүнісовтың айтуынша, республикадағы білім беру мекемелерінің 6,7 пайызында тағамның құнарлылығы талапқа сай емес.
Кейбір мектептердегі ауызсу сапасы да сын көтермейді. Еліміздегі мектептердің 2 пайызында су сапасы микробиологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмейтіндігі анықталған. Мектеп асханаларының 60,5 пайызын жеке кәсіпкерлер жалға алынған. Әрі олар жиі
ауысады. Кем-кетіктің бір ұшығы да осыған байланысты дейді вице-министр.
Тексерістен кейін 1710 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Заңды қонышынан басқан әрекеттерге байланысты 30 іс сотқа жіберіліп, 247 адам жұмыстан босатылған.