Мәдениет

Ашаршылық қасіретін баяндайды

Ұлт тарихындағы ашаршылық тақырыбы толық зерттеліп, шынайы бағасы берілді дей алмаймыз. Әлі күнге дейін зерттеушілердің қанша адам аштықтан өлгені туралы дерегі мен дәйегі біріздене қойған жоқ.

[smartslider3 slider=3826]

«Қазақфильм» киностудия­сында ашаршылық туралы «Өліара» атты толықметражды көркем фильмі түсірілді. Бұл осы олқылықтың орнын толтыруға өз септігін тигізетіні анық.

2021 жылғы 28 қазан мен 7 желтоқсан аралығында «Өліара» көркем фильмінің түсірілімі Алматы облысында өтті. 2022 жылы шілде айында кинокартинаның монтаж­дау-әрлеу кезеңі басталды.

Фильмнің сценарий авторы – Нұрлан Санжар, қоюшы режиссері, Венгрия Республикасының тумасы – Тамаш Тот. Фильмнің желісі XX ғасырдың 30-шы жылдарындағы ашаршылық қасіретін баяндайды.

– Картинаның сюжеті бо­йы­н­­ш­а Иштван Мадьяр «саяси кінәсін» өтеу үшін қазақ жеріне жіберіледі. Ол Қарабайдың жедел отрядына түсіп, кулак малын жедел іздеумен және тәркілеумен айналысады. Сол кезде өз көзімен ашаршылық пен жауынгерлердің қатыгездігін көріп, төңкеріс туралы көзқарасын өзгертеді. Иштван жергілікті тұрғындарға жақтасып, солармен бірге қызыл озбырлықпен күресуге тырысады. Бас кейіпкер аман қалып, қазақ халқының ұлы қасіреті туралы шындықты жеткізуге бар күшін салады, – деді фильмнің атқарушы продюсері Жансерік Шонаұлы.

Фильмге екі елдің танымал актерлері қатысқан. Басты рөлдерде Мажар елінің ­теа­тр және кино актері Питер Барна, белгілі қазақстандық актерлер Алдабек Шалбаев, Ержан Нұрымбет және басқалары ойнайды.

Картинаның үлкен экрандарға шығуы 2023 жылға жоспарланып отыр.

 Баян АСЫЛБЕКОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button