Мәдениет

Ашық аспан астында концерт өтеді

Елордада «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен ашық аспан астында ауқымды концерт өтеді.

Осы сенбі, 10 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласының ЭКСПО аумағындағы ашық аспан астында «Береке – бірлікте!» атты концерт өтеді.

Шара ұйымдастырушысы – «AMANAT» партиясы.

Концерт сағат 18.00-де басталады. Кіру тегін.

Концертте Мирас Жүгінісов, НАZИМА, Ninety One, Айқын Төлепберген, Ернар Айдар, Ділнәз Ахмадиева, Yenlik, 2RAR, De Lacure сынды жарық жұлдыздар өнер көрсетеді.

Сондай-ақ, шараға Ұлықпан Жолдасов, Алтынай Жорабаева, Бейбіт Қорған, Қанат және Светлана Айтбаевтар, Айдын Жұмабаев, Зарина Омарова, Естай Мұкашев, Майра Ілиясова, Хайролда Мұратбек, Арайлым Рахым секілді өнер тарландары қатысады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын концертке шақырамыз!

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button