Мәдениет

Ашық аспан астындағы әуендер

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында елорданың көрнекті де көрікті жерлерінде ашық аспан астында концерттер өтіп жатыр. «Қазақ елі» монументі, «Ататүрік» саябағы, «Бәйтерек» монументі және Орталық саябақта орналасқан этноауылда Астана қаласы Мәдениет басқармасына қарасты мекемелердің әртістері мен шығармашылық ұжымдары, танымал эстрада әншілері өнер көрсетуде.

Бұл концерттер 6 қыркүйек күні басталып, 14 қыркүйекке дейін жалғасады. «Қазақ елі» монументі алаңында Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясы «Халық әні» бөлімінің әншілері «Дала дәстүрі» концертін ұсынды. Осы жерде қала тұрғындары мен қонақтары «Жастар» ­театры әртістерінің өнерін тамашалады. Қуыршақ театры мен Астаналық цирк ұжымдары «Балаларға базарлық» бағдарламасымен кішкентай көрермендерді қуантты. Аталмыш бағдарлама «Бәйтерек» алаңында, «Ататүрік» саябағы мен Орталық ­саябақта да көрсетілді.

«Ататүрік» саябағында Жастар сарайы­ның шығармашылық ұжым­дары мен Музыкалық жас көрермен театрының әртістері, Орталық саябақта «Жастар» театры концерттік бағдарламаларымен көрермендерді тәнті етті.

Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» этноансамблі «Бәйтерек» монументі алаңында «Көк түріктер» бағдарламасымен, Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры өнер көрсетті.

Бүгін «Қазақ елі» монументі алаңын­да Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының «Сарыарқа» халық музыка ан­самблі «Түркі әлемі» концертін, «Ататүрік» саябағында «Жастар» ­театры концерттік бағдарлама ұсынады.

Ал ертең «Бәйтерек» монументі алаңында «Тал бесіктен – жер бесікке» атты Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының әртістерінің қатысуымен мәдени шара өтеді. Осы күні Орталық саябақта «Наз» мемлекеттік би ­театрының концерттік бағдарламасы ұсынылады.

14 қыркүйек күні Е.Рахмадиев атын­дағы Мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрі Орталық саябақта «Ұлы дала сазы» концертімен өнер көрсетті. Осы күні осы жерде және «Қазақ елі» монументі, «Бәйтерек» монументі алаңдарында, «Ататүрік» саябағында қорытынды концерттер өтеді.

Астана қаласының мемлекеттік архиві «Нұрлы жол» теміржол вокзалының 4-қабатындағы күту залында «Тарих таңдаған Астана!» атты фото­құжаттық көрмені ұйымдастырды. Аталмыш көрмені 14 қыркүйекке де­йін тамашалауға болады.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button