Денсаулық

Ашық есік күніне шақырады

28 қаңтарда Қазақстанның мемлекеттік онкологиялық ұйымдарында жатыр мойны обырын ерте анықтау және алдын алу бойынша Ашық есік күні өтеді.

Осыған орай дәрігерлер әйелдерді тегін кеңес алуға және онкогинекологтардың тексеруінен өтуге шақырады. Олардың жасы мен тұрғылықты жері маңызды емес. Ашық есік күні Онкологиялық ұйымдарда жатыр мойны обыры туралы ақпараттандыру апталығы аясында өтуде. Астана қаласының әйелдері Манас көшесі, 17 мекенжайында орналасқан Көпсалалы медицина орталығына сол күні 9:00-13:00 аралығында келе алады. Тел.: 95-40-33.

Жатыр мойны обыры – жатыр мойны аймағында пайда болатын қатерлі ісік. ДДҰ мәліметтері бойынша, жыл сайын әлемде жатыр мойны обырымен ауыратын 500 мыңға жуық адам анықталады. Қазақстан бойынша жыл сайын жатыр мойны обыры 1800-ге жуық әйелден шығады. Әлемде де, ҚР-да да әйелдер арасында онкологиялық сырқаттанушылық құрылымында жатыр мойны обыры 2-орын алады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button