Жаңалықтар

ӘСКЕР ҚАТАРЫНА АТТАНДЫ

Елордадағы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аумағында «Әскер есірткіге қарсы, біз есірткіге қарсымыз!» атты акция өтті. Айтулы шара аясында Алматы ауданынан шақырылған қырыққа жуық бір топ жасты Отан алдындағы борышын адал атқаруға салтанатты түрде шығарып салды.

– Бүгін біз үшін ерекше күн. Өйткені, дәл «Отан қорғаушылар күні» мере­кесінде әскерге шақырылған азаматтарды шығарып салып тұрмыз. Осындай игілікті шара аясында «Әскер есірт­кіге қарсы, біз есірткіге қар­сымыз!» атты акция өтуінің де тағылымдық мәні бар. Елдің болашағы – жас­тар. Сондықтан олар жаман әдет­тен аулақ болған жөн. Бүгінгі жас құрақтай желкілдеп өсіп келе жатқан жеткіншектер әскерге аттанып бара жатқан ағаларынан үлгі алып, солар секілді отансүйгіштік рухты бойға сіңіріп өссін демекпін. Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен шын жүрек­тен құттықтаймын, – деді Алматы ауданы әкімінің орынбасары Қасымхан Сенғазиев. Одан кейін «Право» қоғамдық қорының төрағасы Ольга Рыль сөз алды.
Жалпы, ғасыр дерті деп аталатын кеселге, әсіресе 14 пен 27 жас арасындағы жас­тар үйірсек екен. Деректерге шолу жасап өтсек, өткен жылы еліміз бойынша есірткіні медициналық емес тұтынуға жол берген адамдардың саны 31 049-ды құраған. Олардың ішінде әйелдер мен кәмелетке толмағандар – 2 499 болса, ер азаматтар 28 850-ге жеткен. Осы аталғандардың барлығы ішкі істер органдары мен денсаулық сақтау бөлімдеріне ресми түрде тіркелген. Осыдан-ақ, айтары бар акцияның жастар үшін де, жасамыс үшін де мәні зор екенін аңғаруға болады.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button