Жаңалықтар

Әскери әндер әуелейді

Қанат ТӨКЕСБАЙ, Астана қаласы Мәдениет басқармасы бастығының орынбасары:

– Алдағы мереке күндері елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қандай іс-шаралар жоспарланған?
– Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні мерекелері аясында қаламызда 70-тен астам мерекелік іс-шаралар өтеді. Оның ішінде көрмелер, театрландырылған қойылымдар, концерттер, әскери-патриоттық форумдар, түрлі акциялар қарастырылған. Атап айтсақ, 7 мамыр күні Қалалық әкімдік алдындағы алаңда соғыс ардагерлерінің қатысуымен мерекелік іс-шара өтеді. Шараға Астана қаласының шығармашылық ұжымдары қатысады. 8 мамыр күні қалалық зиратта 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысында жарақаттан қайтыс болған жауынгерлердің басына гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылады. Дәл осы күні Бейбітшілік және Келісім сарайында сағат 15.00-де Жеңіс күні мерекесіне арналған концерт болады. Ал, дәл мереке күні жылдағы дәстүр бойынша «Отан қорғаушылар» монументіне гүл қойылады. Оған ҰОС ардагерлері, қала тұрғындары қатысады.

Студенттік саябақта мерекелік сатылымдар, әскери техникалар көрмесі өткізіледі. Ал, сахналарда елорданың шығармашылық ұжымдары қала тұрғындары мен қонақтарына театрландырылған қойылымдар мен әскери әндерден концерт береді.

Сонымен қатар, 7-9 мамыр күндері Есіл өзенінің жағасында мерекелік от шашу болады.

– Елорда тұрғындары мерекеде кімдерді көріп, тамашалай алады?
– «Астана» эстрадалық-симфония оркестрі, «Терра» би театры, Мемлекеттік филармонияның камералық хоры, ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева, Еңбек сіңірген қайраткерлер Жәмилә Серкебаева, Айгүл Ниязова, Жан Тапин, «ILCanto» квартеті, «LaScala» триосы, т.б шығармашылық ұжымдар өнер көрсетеді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button