Жаңалықтар

Әскери-патриоттық жиын өтті

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиынының қалалық іріктеу кезеңі өтті.

[smartslider3 slider=2964]

«Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының елордалық филиалы ұйым­дастырған жиында оқушылар АК-74 автоматын жартылай бөлшектеп-жинаудан, жалпы әскери қорғаныс костюмін киюден норматив орындады. Сондай-ақ белтемірге тартылу және арқан тарту арқылы дене шымырлықтарын көрсетті.

Шараның қорытындысында «Жас сарбаз» қозғалысы филиалының «Айбын» республикалық жиынына қатысатын тәрбиеленушілері анықталды.

 Баян ­Асылбекова

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button