Жаңалықтар

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҮШІН

Мин обороны

Бүгін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Мәскеуде Тәуелсіз мемлекеттер достастығы қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Әзербайжан Қорғаныс министрі Закир Гасановпен өткен кездесуде екі ел қорғаныс ведомствосы арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың барлық жәй-жапсары  талқыланды.

Екі жақты барыс-келістер, арнайы операциялық күштердің, Әскери-теңіз күштері мен Құрлық әскерлері бөлімшелерінің бірлескен оқу-жаттығулары аймақтағы және әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға себеп болатыны атап өтілді. Кездесуде 2015 жылғы екі жақты ынтымақтастық жоспары бекітілді.

Қырғызстан Қорғаныс министрі Абиболла Құдайбердиевпен болған кездесу барысында Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Шаңхай ынтымақтастық ұйымы ауқымындағы байланыстарды жетілдіре түсудің қажеттілігі атап өтілді.

Тараптар «бірлескен оқу-жаттығулар өткізу, жауынгерлік даярлықты жетілдіру, сондай-ақ, заңсыз қарулы құрылыммен күрес әдістерін жүргізу тұрғысында тәжірибе алмасу бауырлас екі ел қарулы күштерінің жедел үйлесімділігін  арттырады» деген  пікір  білдірді.

Сондай-ақ, сол күні Қазақстан Қорғаныс министрі Армения және Тәжікстан Қорғаныс министрлері Сейран Оганянмен және Шерали Мирзомен кездесті.

 

Ж.СӘТҰЛЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button