Елорда тынысы

Әскери жиындар басталды

ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес, елімізде әскери міндетті азаматтардың жиыны басталды.

[smartslider3 slider=3597]

Жиынға барлығы 1500 адамды шақыру жоспарланып отыр. Аталған оқу-жаттығу жиыны әскери міндеттілердің білімі мен дағдыларын пысықтау, жетілдіру, сондай-ақ әскери даярлықтан өткен резервті толықтыру мақсатында ұйымдастырылуда.

«Астаналық 25 азамат қыркүйек айында жиынға қатысу үшін
С.Нұрмағамбетов атындағы ҚР ҚК Құрлық әскерлері институты мен ҚР ҚМ Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына аттанатын болады. Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың маусым айында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің қаулысы бойынша аумақтық қорғаныс істері бойынша әскери жиын өтіп, оған запастағы офицерлер, сержанттар мен сарбаздар шақырылған болатын. Мұның бәрі – еліміздің қорғаныс қабілетін нығайта түсуге бағытталған шаралар» дейді Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі, полковник Ғани Артықов.

Әбубәкір Смайылов

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button