Жаңалықтар

Әскери жиынға аттанды

Биыл 14 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында тұратын әскери міндетті азаматтарды жоспарлы әскери оқу-жаттығу жиындарына шақыру басталды.

[smartslider3 slider=3257]

Бұл шара Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына және Үкімет Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу Ережелері» негізінде өткізіліп отыр.

Оқу-жаттығу әскери жиыны ағымдағы жылғы маусымның 14 мен 23 аралығында Нұр-Сұлтан қаласының аумақтық қорғанысын дайындау, әскери міндеттілердің білімі мен дағдыларын меңгеру және жетілдіру мақсатында ұйымдастырылуда.

 Меншік нысанына қарамастан Нұр-Сұлтан қаласы ұйымдарының, кәсіпорындарының мекемелерінің басшылары жиынға шақырылған әскери міндеттілердің келуін қамтамасыз етуге тиіс.

Аталған жиынға кеше 78 адамнан тұратын алғашқы рота аттанып кетті. Жиын барысында олар күзет ротасын арнайы өрістету, жауынгерлік үйлесімдікке қол жеткізу, объектілерді күзету мен қорғауды ұйымдастыру, диверсиялық топтармен күресу тақырыбындағы жаттығуларды пысықтайтын болады.

Оқу-жаттығу әскери жиындарын өту кезінде шақырылған запастағы офицерлер, сержанттар мен сарбаздар үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оларды жұмыс орны мен орташа жалақысы сақталады.

Әскери оқу-жаттығу жиындарының даярлық бағдарламасын үздік өткен әскери міндеттілерге кезекті әскери атақтар беріледі.

 Мұрат БЕРІКПОЛОВ, НұрСұлтан қаласының

Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы,полковник

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button