Елорда тынысы

Ассамблея белсенділері пікір алмасты

Елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенділері Президент Жолдауының басым бағыттары мен негізгі міндеттері бойынша пікір алмасты.

[smartslider3 slider=2480]

Іс-шараның модераторы – Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов: «Тәуелсіз ел барлық ұлттар мен ұлыстардың бейбітшілік орталығына айналды, толеранттылықтың бірегей үлгісін жасай алды. Қазақстанда этнос­аралық жанжалдар мен әлеуметтік алауыздыққа жол берілмейді» деп атап өтті.

Жиында Жолдаудың негізгі бағыттарын жүзеге асыру бойынша қалалық ҚХА алдында тұрған міндеттер айқындалды.

«Біз қажырлы еңбекті қажет ететін перспективалар жолында бірлігімізді нығайтуға тиіспіз. Әрбір идеядан еліміздің жарқын болашағы үшін жаңа жобалар іске асырылатынына сенімдімін. Жаңа экономикалық саясатты ұсынған биылғы Жолдау еліміздің жарқын болашағына жарық түсіреді. Онда айтылған бағыттар мен міндеттердің әрқайсысы ел өмірі үшін үлкен маңызға ие. Сондықтан жүктелген тарихи міндеттерді үйлесімді жүзеге асыру қажет. Баршаңызды жаңа экономикалық саясатты белсенді іске асыруға шақырамын» деді мемлекет және қоғам қайраткері Владимир Божко.

Өз кезегінде, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Якия қажы Исмаилов: «Біз Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының жасампаздық қызметін әрдайым қолдаймыз. Атап айтқанда, біз ­Президенттің биылғы Жолдауында айтылған жаңа бастамаларды іске асыру үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек. Сондықтан бәріміз еліміздің қоғамдық-сая­си тұрақтылығын сақтауға белсенді қатысатын боламыз. Баршаңызды Отанымыз – Қазақстан Республикасын дамыту үшін жанқиярлық еңбекке шақырамын!» деп өз ойын ортаға салды.

«Радима» Беларусь мәдени орталығының төрағасы Дмитрий Останкович, Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Шерзод Пулатов, «Хазар» Әзербайжан қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Оруч ­Алахвердиев Мемлекет басшысының Жолдауын бірауыздан қолдап, барлығын белсенді бірлескен жұмысқа шақырды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button