Басты ақпарат

АССАМБЛЕЯ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

1

Кеше ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Ассамблея кеңесінің отырысына ҚР мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, Парламент депутаттары, орталық, жергілікті мемлекеттік мекемелер басшылары, этномәдени бірлестіктер жетекшілері мен аймақтық ассамблея хатшыларының меңгерушілері, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.

Ұлттық академиялық кітап­хананың холында Қазақ ханды­ғының 550 жылдығына, ҚР Конституциясының 20 жылды­ғына, Ұлы Жеңістің 70 жыл­дығына, «Бейбітшілік пен келі­сімнің жол картасы» мега­жоба­сының қорытын­дысына және Қазақстан халқы ассам­блеясы мүшелерінің ғылыми еңбектеріне арналған көрмелер өтті. Сондай-ақ, Ұлттық акаде­миялық кітапханада Қазақстан халқы ассамблеясы залы ашылды. Залдың ашылуы барысында еліміздегі этномәдени бір­лестіктердің, ҚХА қызметінің тарихы туралы мәліметтер базасы таныстырылды.

Кеңейтілген отырыста Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова: «Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің биылғы жылғы отырысы – ел өмі­ріндегі елеулі оқиға. Бұл шара Қазақстан Республикасының президентін сайлау күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Санаулы күндерден кейін біз еліміздегі ең маңызды саяси шараға барша халық болып қатысып, бірлігіміз бен ынтымағымызды тағы да танытатын боламыз. Өздеріңізге белгілі, кезектен тыс президент сайлауын өткізу жөніндегі бастама – Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері тарапынан көтерілді. Әлбетте, бұл байыпты бастаманың мазмұны мен нақты негізі бар екенін халық өзі қуаттады. Ең бастысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының тілегін терең сезініп, кезектен тыс сайлау өткізу жөнінде тарихи шешім қабылдады. Ертең Мемлекет басшысының төрағалығымен Қазақстан халқы ассамблеясының XXII сессиясы өтеді. Сессияда ассамблеяның 20 жылда атқарған ауқымды қызметі бағаланып, келешекте орындайтын келелі міндеттері айқындалады» деп атап өтті.

 Ырысбек ДӘБЕЙ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button