Басты ақпаратҚоғам

Ассамблея жылнамасына арналды

Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында ­Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен татулықтың 30 жылы» атты көрмесі ашылды.

Көрме ҚХА-ның қалыптасу және даму тарихын, сондай-ақ оның халықтық дипломатияны, этнодіни қатынастарын дамуындағы рөлі мен маңызын, Қазақстан Республикасында ұлтаралық келісімді нығайту және қоғамды біріктіру ісіне қосқан үлесін насихаттайды. Көрмеге ҚР Президенттік орталығының архив, кітапхана және музей қорларынан 100-ге жуық экспонат қойылды.

Биыл – Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін ерекше жыл. Жыл басынан бері еліміздің барлық өңірлерінде мерейтойлық іс-шаралар өткізіліп келеді, олардың әрқайсысы қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған. Ассамблея – бұл халықаралық деңгейде мойындалған табысты этносаралық өзара іс-қимылдың үлгісі. Әлемдік қоғамдастық келісім мен тұрақтылықтың қазақстандық моделін жоғары бағалайды, оны бейбіт қатар өмір сүру мен өзара сыйластықтың үлгісі ретінде қарастырады. «Бұл біздің ортақ жетістігіміз – достықты, бірлік пен өзара түсіністікті бағалайтын халықтың жетістігі. Біздің басты міндетіміз – бұл құндылықтарды сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізу» деп атап өтті Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов.

Бүгінде Ассамблея этнос­аралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделінің шынайы символына айналды, оны «Әртүрліліктегі бірлік» формуласымен білдіруге болады. Оның арқасында елімізде Қазақстанда тұратын барлық этностардың мәдениетін, тілдерін, дәстүрлерін дамыту үшін кең мүмкіндіктер жасалған.

– Бүгінгі көрме аясында біз Қазақстан халқы Ассамблеясының даңқты жылнамасының және жалпы еліміздің тарихының негізгі беттерін этнос­аралық қатынастар призмасы арқылы көрсетуге тырыстық» деп айтты ҚР Президенттік орталығының директоры Бақытжан Темірболат.
«Этносаралық және жалпыұлттық келісімнің кепілі» бөлімінде Қазақстан Республикасының аумағында тұратын түрлі этностардың өкілдері арасындағы мүдделерді біріктіру және оң өзара іс-қимыл қағидаттарында әрекет ететін ҚХА платформасында бірлік пен келісім идеясын дамуы мен нығаюы көрсетілген.

Тақырыптық экспозициялардың ашылу рәсіміне Қазақстан халқы Ассамблеясының, этномәдени бірлестіктердің, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, ел Парламентінің екі палатасының депутаттары қатысты. Көрме 2025 жылдың 25 наурызына дейін жалғасады.

Айгүл УАЙС

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button