Қоғам
Ассамблеяның 30 жылдығына арналған көрме ашылады

Ағымдағы жылдың 25 ақпанында сағат 14.00-де Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен татулықтың 30 жылы» атты көрмесінің ашылуы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Көрменің мақсаты – ҚР Президенттік орталығының жинағындағы материалдар негізінде ҚХА-ның қалыптасу және даму тарихын, сондай-ақ ҚХА-ның халықтық дипломатияны, этнодіни қатынастарын дамуындағы рөлі мен маңызын, Қазақстан Республикасында ұлтаралық келісімді нығайту және қоғамды біріктіру ісіне қосқан үлесін көрсету.