Жаңалықтар

ASTAINABLE – ТҰРАҚТЫ ДАМУ ҮЛГІСІ

img_3752

Астанаға он күндік іссапары кезінде франциялық мамандар қазақстандық әріптестерімен кездесті. Екі тарап астананың түрлі салаларының даму мәселелерін, сонымен қатар ортақ жоспарларды талқылады.

Қазіргі таңда ASTAINABLE жобасына сәйкес таяу болашақтағы «ЭКСПО-2017» бүкіләлемдік көрмесі мен 2030 жылға дейінгі ұзақмерзімді Астананың даму жоспары әзірленуде. Бұл істі Қазақстан мен Францияның мамандары бірлесе атқаруда. Алдымен олар Астананың экологиялық таза көлік, энергожүйені ұйымдастыру, сумен қамтамасыз ету, қалдықтарды басқару, қоршаған ортаны қалпына келтіруді қосқанда құрылыс пен қалалық экожүйе саласындағы қажеттіліктерді анықтайды. Соңынан француздық компаниялар ұсынған техникалық шешімдермен бірге барлық нәтижелерді қала дамуының витуалды үш өлшемді интерактивті үлгісі түрінде ұсынады.

Сағи ОРАЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button