Жаңалықтар

«АСТАНА – 2013» ШАҚЫРАДЫ

Ертең «Астана-2013» ха­лық­­аралық авторлық ән фес­ти­валінің шамдары кезекті рет елорда төрінде жағылады. Үш күн бойы ТМД және еліміз­дің аумағынан жиналатын бардтар осынау өнер­ге қызығатын жұртты өз әндері­мен сусындатпақ. Кеше өткен баспасөз мәслихатында осы жә­не басқа да фестиваль аясын­дағы шаралар туралы фести­вальді ұйымдастыру ко­мите­тінің төрағасы Мақ­сат Сәр­­сен­беков пен фес­тивальдің тех­никалық директоры Илья Лог­виненко баяндады.­

Астана – Қазақстан­ның бас қаласы атанға­лы осымен 15-рет өте­тін фестивальге ав­­тор­­­лық ән өнерінде мойын­далған Валерий және Вадим Мищуктер, Андрей Козловский, Лидия Чебок­сарова, Евге­ний Быков, Александр Родов­ский қатысады деп күтілу­де. Олардың бәрі Ресей астанасынан кел­мек. Мәскеуде тұра­тын қандасымыз, фести­валь­ден бірде-бір рет қал­маған Жеңіс Ысқа­қов музыкалық шараны ашып береді. Әрі қарай фестивальге арнайы шақырылған 200-дей бард пен бұл өнерге таласы бар, өз еркімен келген өзге авторлар ән­де­рін көпшіліктің наза­рына ұсынады.

Бұрын фестиваль шең­берінде екі кезеңнен тұра­тын байқау ұйым­дас­­тырылса, биыл ол өт­кі­зілмейтін болды. Осы жылғы фестиваль­дің бір ерекшелігі сол. Тек қана шеберлік сабақ­тарын, шығарма­шы­лық шебер­хана­лар­ды өткізу арқылы дең­гейі жоғарырақ Сама­рада­ғы Валерий Гру­­шин атын­дағы және Санкт-Пе­тер­­бург­тегі «Пи­тер аккорды» фес­­ти­вал­деріне іріктеу жүр­­гізілмек.

Ұйымдас­ты­ру­шылар­­­дың айтуынша, биыл он бесінші рет өткі­­зіле­тін­діктен, фес­тиваль бағ­дарламасы қы­зық­тарға толы бол­мақ. Қазіргі таңда оның өтетін ор­ны – Қара­ған­ды тас жо­лының 17 ша­қы­ры­мындағы «При­чал» қо­нақ үйі аума­ғында дайын­дық жұ­мыс­тары жү­руде. Ол жер абаттандырылып, сахна орнатылуда. Сон­дай-ақ, қонақтарға арнал­ған 200-дей шатыр тігілуде. Бір сөзбен айт­қанда, фестивальге қаты­сушылар мен оны тама­шалау­шы­лар үшін бар­лық жағ­дайлар жасалып жа­тыр.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button