Қала мен СалаЭкономика

«Астана-АЭК» компаниясы 1 млрд 580 теңге көлемінде инвестициялық бағдарламаны іске асырған

ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті 2015 жылғы инвестициялық бағдарламаның орындалу айқындығы мен ашықтығын тексеру мақсатында «Астана-АЭК» АҚ нысандарында баспасөз турын ұйымдастырды.

08

Табиғи монополия субъектісі ретінде «Астана-АЭК» компаниясы елорда халқын электр энергиясымен қамтамасыз етуді өз міндетіне алған. Аталмыш мекемедегі даму қызметі басшысының орынбасары Марғұлан Балсариннің айтуынша, былтырғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде ұйым 1 млрд 580 млн теңге көлеміндегі инвести­циялық бағдарламаны іске асырыпты. Бұл көрсеткіш 2015 жылға жоспарланған инвестиция сомасының 104 пайызын құрайды.
Оның ішінде 43 млн теңгеге – электр желілерін қайта құру, 663 млн теңгеге – ескірген құрал-жабдықтарды ауыстыру, 99 млн теңгеге – релелік қорғанысты ауыстыру, 9 млн теңгеге – ҮП-10/0,4 телемеханикасын ендіру, 8 млн теңгеге – су құбыры мен кәрізді жобалау және салу, 75 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 8 млн теңгеге арнайы мамандандырылған техникалар сатып алынған.
2015 жылғы инвестиция салымының арқасында көп­теген оң өзгерістердің бол­ғаны байқалады. Дәлірек айтсақ, электр техникалық құрал-жабдықтардың және электр жеткізу желісінің жұмыс сапасы артқан, тұ­тыну­шылардың қосымша электр қуатына сұраныстары қанағаттандырылған. Жалпы, экономикалық нәтиже құны 112,8 млн теңгеге жеткен. Мәселен, 33565,7 мың кВт/сағ электр энергиясын пайдалы босатуды арттыру есебінен қызметті іске асыру табысы 97,3 млн теңгеге көбейді. Мұнымен қоса, 253 мың кВт/сағ көлемдегі электр энергиясын үнемдеу арқылы шаруашылық қажеттіліктерге электр энергиясын сатып алу шығындары 2,1 млн теңгеге қысқарды. Сон­дай-ақ, эксплуатациялық шығын 13,4 млн теңгеге азайды.
Бүгінде инвестициялық бағ­дарламаны игеру алдын-ала жоспарланған кестеге сәйкес жүргізілуде. Ол 2016 жылы нормативтік шығындарды 12,4 пайыздан 11,95 пайызға дейін азайтуға, электр энергиясын пайдалы босатуды 6 пайызға дейін жоғарылатуға, апат деңгейін 10 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік береді.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button