Елорда тынысы

Астана әкімдігі жоғары оқу орындарына 850-ге жуық грант бөлді

Астана әкімдігі елорданың жоғары оқу орындарына 850-ге жуық білім грантын бөлді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Гранттар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға бағытталған. Грант конкурсы бүкіл ел бойынша өткізіледі.
2018 жылдан бастап Астана қаласының әкімдігі педагогикалық, медициналық мамандықтар бойынша, сондай-ақ гуманитарлық бағыт бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу жобасын іске асыруда.
Бұл жоба кадр тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған. 2024-2028 оқу жылдарына қала әкімдігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 858 білім беру грантын белгіледі.
Астана әкімдігінің білім гранттары еліміздің сегіз жоғары оқу орнында орналастырылды:
1) «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ;
2) «Астана халықаралық университеті» ЖШС;
3) «А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты»;
4) «Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы» ЖШС;
5) «Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ;
6) «А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті»;
7) «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» КЕАҚ;
8) «Астана медицина университеті» КЕАҚ.
Білім беру грантына конкурсқа еліміздің түкпір-түкпірінен үміткерлер қатыса алады. Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button