Ел тынысы

Астана әуежайы 1 мамырдан бастап түнде жұмыс істемейді

Ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізуге байланысты Астана халықаралық әуежайында рейстерге өзгеріс енеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

1 мамырдан бастап жөндеу аяқталғанға дейін жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-ден 6:00-ге дейін елордалық әуежайдың әуеайлағында ұшақтарды қабылдау және ұшу тоқтатылады.

Елорда әуежайы күн сайын 200-ден астам рейске қызмет көрсетеді.

Оның ішінде түнгі рейстер саны 100-ге жуық. Бұл рейстер тәуліктің күндізгі уақытына ауысады.

Осыған байланысты Астанадан/Астанаға орындалатын рейс кестесіне өзгерістер еніп жатыр.

«Жолаушылардан сапарын алдын ала жоспарлауын және әуекомпаниялардың анықтама қызметі, қосымшалар мен әуежай, сондай-ақ әуекомпаниялардың хабарламасы сияқты бүкіл қолжетімді ақпарат көздерін пайдалануды сұраймыз» деп ескертеді әуежайдан.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button