Ел тынысы

Астана әуежайы Орталық Азия мен ТМД бойынша үздік атанды

Астана мен Алматы әуежайлары Skytrax World Airport Awards 2025 нұсқасы бойынша Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік деп танылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

– Қазақстанның халықаралық аренадағы көшбасшы әуежайлары – Астана мен Алматы тағы да беделді марапат алды. Алматы халықаралық әуежайы Орталық Азия мен ТМД бойынша ең үздік өңірлік әуежай деп танылды, ал 2-терминал әлемдегі ең үздік жаңа терминал атағына ие болды, – делінген хабарламада.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Skytrax World Airport Awards 2025 сыйлығының «Орталық Азия мен ТМД елдері әуежайлары арасындағы ең үздік персонал» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Фото: Азаматтық авиация комитеті
Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы бірнеше рет аймақтық рейтингтерде көш бастаған және Орталық Азиядағы жетекші әуе хабы ретінде танылған.

Skytrax World Airport Awards сыйлығы – авиация саласындағы халықаралық сапа эталоны. Ол әлемнің түкпір-түкпірінен жолаушылар арасында жүргізілетін тәуелсіз сауалнамаларға негізделген.

Жеңімпаздар келесі негізгі көрсеткіштер бойынша таңдалады:

– жолаушыларға ыңғайлылық;

– қызмет көрсету сапасы;

– инфрақұрылым деңгейі;

– инновацияны енгізу.

Наурызда хабарлағанымыздай, еліміздегі әуежайлар мен вокзалдарда қауіпсіздік жағдайы тексеріліп жатыр.

Еске салайық, биыл халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Қазақстанның әуе қауіпсіздігіне аудит жүргізеді.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button