Ел тынысы

Астана әуежайында намазхана пайдалануға берілді

Астанадағы әуежайда намазхана жөнделіп, пайдалануға берілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Осы орайда халықаралық әуежай басшылығы жолаушыларға үндеу жасады. Олар әуежайда намаз оқуға арналған ерлер мен әйелдер бөлмелері терминалдың бірінші қабатында орналасқанын жария етті.

«Құрметті жолаушылар! Біз сіздерге ішкі ұшу терминалында орналасқан намазханалардың жөндеу жұмыстары аяқталғанын қуана хабарлаймыз. Намаз оқуға арналған ерлер мен әйелдер бөлмелері терминалдың бірінші қабатында орналасқан. Сонымен қатар тағы бір намазхана ішкі терминалдың стерильді аймағында қолжетімді. Жолаушылар исламдағы 5 парыздың бірі – намазды сапарларының алдында еш қиындықсыз оқи алады, – делінген әуежайдың Telegram-арнасындағы хабарламада.

«Біз сүйікті жолаушыларымызға қолайлы жағдай жасау үшін бар күшімізді салудамыз. Жаңарту жұмыстары сіздердің сапарларыңызды сәтті әрі жайлы етеді деп сенеміз. Сәт сапар!» деп қосты әкімшілік.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button