Басты ақпаратЭкономика

Астана әкімдігі азық-түлік бағаларының өсуіне жол бермеу бойынша шаралар қолданады

Бүгін қала басшысы Әсет Исекешевтің төрағалығымен азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселелерін талқылау бойынша кеңес өтті. Оған қалалық өкілетті органдардың, Статистика департаментінің, ҰЭМ Табиғи монополиялар және бәсекелестікті қорғау комитетінің, «Қазагромаркетинг» АҚ өкілдері, сондай-ақ, елорданың ірі кәсіпорындарының басшылары қатысты. Кеңес барысында Мемлекет басшысының елордада азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындауға бағытталған шаралар талқыланды.

01

Елорда әкімі әлеуметтік-маңызды тауарлардың, соның ішінде нан, жарма және қанттың бағасын ұстап қалуға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Күн сайын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізу және сауда орындарының санын кеңейту, автодүкендер ашу туралы шешім қабылданды.

Осыған байланысты Қазақстанның өңірлерімен ауыл шаруашылық өнімдерін тікелей елордаға жеткізу туралы келісімге қол жеткізілді. Осы мақсатта қала басшысы азық-түлік тасымалдаушы көліктерге «жасыл дәлізді» қамтамасыз етуге тапсырма берді.

Сонымен қатар, жәрмеңкеде сатылатын өнімдер ассортименті де кеңейтілмек, енді май, шай, жармалар және т.б. сатылады. Ет және сүт өнімдерін тексеруге арналған мобильді зертханалар орнатылады.

Айта кетейік, қалалық әкімдіктің өкілдері жәрмеңкелерде өнімдер бағасына ұдайы бақылау жүргізеді. ҰЭМ табиғи монополиялар және бәсекелестікті қорғау комитеті бағаларға тұрақты түрде мониторинг жүргізетін болады.

Осы мәселе бойынша қабылданатын шараларды үйлестіру үшін Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукиннің жетекшілігімен жедел штаб құрылды. Елордада азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қала басшысының жеке бақылауына алынды.

astana.gov.kz

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button