Басты ақпаратЖаңалықтар

Астана әкімі Ә. Жақсыбековтің Наурыз мейрамымен құттықтауы

Құрметті астаналықтар және қала меймандары!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Әз-Наурыз халқымызда жаңа жылдың бастауын, табиғат ананың қайта жаң­ғыруын білдіреді. Көктемнің осынау ғажайып мерекесі ежелден молшылық пен жаңашылдықтың жаршысы саналған. Күн мен түннің теңесіп, жер дүниенің жайнайтын сәті Қазақ еліне жақсылығын ала келсін. Ұлыс оң, ақ мол болсын! Наурыз мейрамы баршамызға құтты болсын!

Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға ырыс пен береке, ең­бектеріңізге мол табыс тілеймін!

Ізгі ниетпен,
Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков

astana-akshamy.kz

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button