Басты ақпарат

Астана әкімі Есіл ауданы әлеуметтік нысандарын аралады

«Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев Есіл  ауданындағы бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды аралады» деп хабарлайды қала әкімінің ресми сайты.

Бірінші кезекте ол ат басын «Пригородный» тұрғын үй алабына тіреді. Тұрғын үй алабының тұрғындары әкімге мектеп, емхана сияқты әлеуметтік нысандардың, саябақтар мен гүл бақтары сияқты демалыс орындарының, тұрақтардағы орындар мен бағдаршамдардың жеткіліксіз екенін айтты. Осы мәселелердің тез арада шешімін табуы үшін Әсет Исекешев Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу, сәулет және қала құрылысы мен жолаушылар көлігі басқармаларына, «Астана әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына»  бұрылу алаңы кең гүлзарлар құрылысының нақты жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Бұдан кейін қала әкімі Үркер тұрғын үй алабының тұрғындарымен кездесті. Мұнда жолдар мен инженерлік желілердің құрылысын аяқтауға қатысты мәселелер қаралды. Осы ретте Әсет Исекешев мектеп жанындағы көшелерді жарықтандыру, жылы аялдамаларды орнату, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар салуды жеделдетіп, 2, 3, 4 кезектегі жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды.

Тұрғындар әкімнен елді мекенде «Сергек» бейнебақылау жүйесі камераларының орнатылуын, жастарға арналған аула клубтарының жасақталуын,  медицина және білім беру саласында жұмыс істейтін мамандар үшін жатақхана салуды сұрады.

Жағалау шағын ауданы  тұрғындары қала басшысына медициналық орталықтың аздығы мен автокөлік тұрақтарының жеткіліксіздігін және басқа да мәселелер  төңірегінде өз ойларын айтты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button