Басты ақпаратЖаңалықтарҚала тіршілігі

АСТАНА ӘКІМІ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТТІ

131

Кеше Астана қаласы әкімі Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен кезекті аппарат жиналысы болды.

Елорда басшысының тұрғындар­дан келіп түскен өтініш-тілектерді жеке бақылауына алғандығы туралы осыған дейін хабарланған болатын. Өтініш-тілектердің басым бөлігі қала аумағындағы ашық жатқан құдықтар мен жол қозғалысы бөліктерінің сапасына қатысты. Қала басшысы бұл жағдайды тез арада қалыпқа келтіруді тапсырғанымен, тиісті шаралар атқарылмаған. Осыған байланысты бүгін қала әкімі Алматы және Сарыарқа аудандарының әкімдеріне, сонымен қатар қаланың коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысына ескерту жасады.

Ә.Жақсыбеков қаланы азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аударып, азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу жөнінде кешенді іс-шаралар жос­парын әзірлеуді және қаланың азық-түлік инфрақұрылымын салуды тапсырды.

Аудан әкімдерінің коммунал­дық қызметтердің дайындығы туралы баяндамаларын тыңдап, қыс кезінде кәсіпорындардың жұмыс істеу кестесінің сақталуы­на бақылауды күшейтуді, сонымен қатар, қала аумағында қар жинауды уақтылы қамтамасыз етуді тапсырды.

Қала басшысы барлық қала­лық қызметтерден сеніп тап­сы­­рылған нысандардың тех­ни­­ка­лық жағдайына және қыс­та жұ­мыс істеу кестелерін сақ­тауы­на бақылауды күшейтуді, қар­­ды жинап, уақтылы шығару бойынша механикаландырылған бригадалардың технологиялық тәсімдері мен жұмыс кестелерін оңтайландыруды талап етті.

– Бүгін қаралған мәселелер өте маңызды әрі бақылау жасап, жедел шешім қабылдауды қажет етеді. Қалалық шаралар мен кәсіп­орындар басшыларының барлығы менің тапсырмаларымды сапалы және уақтылы орындамағандары үшін жеке жауап беретін болады, – деп атап өтті Ә.Жақсыбеков.

Қала басшысы Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндет­терді жүзеге асыруға ерекше назар аударды. Онда Астанаға инфрақұрылымды жақсартып, қа­ла­ның индустриялық әлеуетін дамыту жөніндегі ауқымды мін­деттер қойылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button