Қала тіршілігі

Астана Антарктидадан кем түспейді

Өзім 19 экспедиция ұйымдастырдым. Соңғы жылдардың өзінде айтарлықтай ауқымды, үлкен үш экспедиция жасалыпты.

Біріншісі – 2011 жылғы Оңтүстік полюске бағытталған саяхат, яғни, Антарктида экспедициясы. Ол Қазақстанның 20 жылдығына арналған іс-шара болатын. Бірақ сол жылы, яғни, 2011 жылдың 14 желтоқсанында Антарктиданы Руал Амундсен ашқанына 100 жыл болды. Біз, яғни, қазақстандық автокөлік экспедициясы сол тойға тұспа-тұс жетіп, екі қуанышты бастан өткеріп келді. Ол сапар нәтижесі бойынша «108 сағат» атты деректі фильм шықты.
Ең бірінші, бұл сапар Қазақстанның имиджін көтеру мақсатын көздеген. Екіншіден, Қазақстан Антарктида келісімшартына кірген жоқ. Оған кіргендердің мүддесі зор. 2041 жылдан кейін ол келісімшарт күшін жояды. Одан кейін осы материкті игеру басталса, онда Қазақстанның үлесі болмай қалады.

Антарктидаға барып келгеннен кейін Нұр-Сұлтан қаласына ат басын бұрдым. Сонда байқағаным, бас қала Антарктидадан кем түспейді. Ақ түтек бораны мен үскірік аязы сол бір сапарымды еске түсірді. Бұл шаһар – барша қазақ жұртының мақтанышы. Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың еңбегі астанамыз­бен мақтанамыз.

Орденбек МАЗБАЕВ,
география ғылымының докторы,
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің профессоры

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button