Жаңалықтар

«Астана ақшамы» газеті Елбасы Алғысымен марапатталды

 Журналистердің кәсіби мерекесі  және Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында «Астана ақшамы» республикалық қоғамдық-саяси газетінің ұжымы бас қаланың әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық дамуындағы маңызды тақырыптар мен негізгі мәселелерді жариялап-көрсетуге қосқан ерекше үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысына ие болды.

Сонымен қатар отандық телевизиялық журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін «Алматы» телеарнасының, еліміздің өскелең ұрпағын тәрбиелеу ісіне және қазақстандық патриотизмді нығайтуға қосқан зор үлесі үшін «Балдырған» республикалық балалар журналының, Қазақстандағы Өзбекстан жылын және түрлі салалардағы Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығын дамыту мәселелерін жариялап-көрсеткені үшін «Өзбекстанның ұлттық телерадиокомпаниясы» шығармашылық ұжымдарына да Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы жарияланды.

Сондай-ақ, бірнеше журналистке  Қазақстан Республикасының Президенті атынан сыйлықтар мен гранттар берілді.
Олардың қатарында «Informburo.kz» интернет-порталының бас редакторы Михаил Викторович Дорофеев, «Астана» республикалық телеарнасының бас директоры Ләззат Мұратқызы Танысбай, «Хабар» республикалық телеарнасының сараптамалық бағдарламалар бөлімінің тілшісі  Айгүл Әділова және  «Қазақстан» ұлттық телеарнасы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары  Мейіржан Жиенәлі бар.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Бір пікір

Пікір үстеу

Back to top button