Қала тіршілігі

Астана аудандарының әкімдері тағайындалды

Қалалық мәслихаттың мәжіліс залында өткен мәслихаттың кезектен тыс он тоғызыншы сессиясында Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов депутаттардың келісіміне Алматы және Сарыарқа аудандарының жаңа әкімі лауазымы кандидатураларын ұсынды. 

Қала басшысы алдымен ұзақ жылдар қаланың қаржы саласында жұмыс істеп, тәжірибесі толысқан Бекбол Сағынның кандидатурасын Алматы ауданының әкіміне ұсынатынын айтты. Ол бұған дейін Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары, Астана қаласының Экономика және бюджетті жоспарлау, Қаржы басқармаларының басшысы болды.

«Барлық қызметте де өзін жауапты, белсенді менеджер ретінде жақсы жағынан танытты. Өзіне жүктелген міндеттерді ұйымшылдықпен атқарады. Сондықтан мен Бекбол Сағынның кандидатурасын ұсынамын» деді Астана әкімі.

Одан кейін Иманғали Тасмағам-бетов Сарыарқа ауданының әкіміне келісу үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басқарма жетекшісі – Астана қаласы бойынша Тәртіптік кеңесі-нің төрағасы қызметін атқарған Ермағанбет Бөлекпаевтың кандидатурасын ұсынды. Астана әкімінің айтуынша, ол Қарағанды, Оңтүстік Қазақ-стан, Павлодар облыстарының аумақтық басқармаларында жұмыс істеп, Павлодар ауда-нының әкімі де болған.

Мәслихат депутаттары әкім ұсынған қандидатураларды бір ауыздан қолдады.

Қалалық мәслихаттың он тоғызыншы сессиясында Астана қаласы Тексеру комиссиясының төрағасы болып Ғалымжан Молдаш қайта сайланды.

Ал, осыған дейін Алматы ауданының әкімі болған Павел Кулагин Астана қаласының Коммуналдық шаруашылығы басқармасына, Сарыарқа ауда-нының әкімі болған Ермек Оспанов Астана қаласының Еңбек инспекциясы басқармасына басшы болып бекітілді.
Сессияда, сондай-ақ «Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидасы туралы» қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 3 наурыздағы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button