ЖаңалықтарҚала мен СалаЭкономика

АСТАНА ӘУЕЖАЙЫ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

i

Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында Жаңа экономикалық саясаттың өзегі бес жылға арналған инфрақұрылымдық даму жоспары болатынын атап өтті.

Негізінен ірі қоғамдық нысандар, соның ішінде басты көлік тораптары өзгертіледі. Сондай-ақ, Елбасы Астана әуежайының жаңа терминалы құрылысы мен ұшып-қону жолдарын қайта құруға 29 млрд теңге бөлуді тапсырды.

Президенттің айтуынша, бұл 2017 жылға қарай әуежайдың жолаушыларды өткізу қуаттылығын жылына 7,1 жолаушыға дейін арттырады.

Астана әуежайы Еуразия құр­лығындағы заманауи әуежай­лардың бірі болып табылады. Әуе­жайда тәулік сайын алыс және таяу шетел аймақтарына ұшатын 80 шақты ұшаққа қызмет көрсетіледі.

Бүгінгі таңда Астана әуежайы әуе кемелерінің барлық түрін шектеусіз қабылдай алады.

Елордалық әуежайдың дамуы ИАТА (Әуе көлігінің халық­ара­лық ассоциациясы) және ИКАО (Азаматтық авиацияның халық­ара­лық ұйымы) стандарттарына сәйкес жүргізіледі. Жүк және жолаушылар тасымалдайтын жаңа авиакомпания­лармен қарым-қатынас жасау үшін қолайлы жағдайлар жасалуда.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button