Жаңалықтар

АСТАНА АЯЗДАРДА ТОҢБАЙДЫ ЕНДІ

IMG_1086

Астананың энергетикалық кешені 2014-2015 жылғы жылыту маусымына толық дайын. Бүгінгі таңда әлеуметтік нысандар мен көп пәтерлі тұрғын үй қорына жылу берілді.

Астана қаласы әкімі аппараты баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа жылыту маусымына дайындық шаралары аясында 1-ЖЭО, 2-ЖЭО нысандары, жылу және электр желілері, сумен қамту және су бұру желілерінде бекітілген кесте бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді.

Қаланың энергиямен қамту нысандары отын қорының тиісті нормаларына сәйкес (690 641 тонна көмір мен 10 623 тонна мазут) отын материалдарымен толық көлемде қамтамасыз етілді. Тұрғын үйлерді, білім беру және денсаулық сақтау нысандарын автономды жылумен қамту қазандықтары 100% іске қосылды.

Жылу энергиясымен жабдықтаудың орташа тарифі – 2308,3 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз), соның ішінде тұтынушылар топтары бойынша: тұрғындар үшін – 2094,23 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз); басқа тұтынушылар үшін 2582,40 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз).

Астанада жыл сайын қыста орта есеппен 30 мың вагон көмір мен 280 цистерна мазут жағылады. Көмірдің ең көп шығыны қыста тәулігіне 12 476 тоннаны құрайды.

Жұма ҒАЗИЕВ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button