ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Астана белдеуінің әлеуеті мол

Астананың  азық-түлік  белдеуі  аймақтарында  100%-ға дейін ауылшаруашылығы  өнімдерімен  қамтамасыз  ете  алатындай  әлеует  бар.  Бүгінде  елорданың қайта өңдеу кәсіпорындары орташа  жүктемемен 40% шамасында жұмыс істеуде. 

018

Ақмола облысына сапары кезінде Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов елорда төңірегінде ор­­на­­ласқан жеке қосалқы шаруа­шы­лықтардың жайымен танысты әрі ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу кә­сіпорындарына жіберу қажет­тігіне назар аударды. Мәселен, Астананың азық-түлік белдеуі аймағында орналасқан жеке қосалқы шаруа­шылықтар 470 мың тонна сүт өндіреді. Оның ішінде 54 мың тоннасы қайта өңдеуге жіберіледі екен. Алайда сүт өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары 40% қуатпен ғана жұмыс істейтіні белгілі болды.
Қайта өңдеу кә­сіп­орын­­дары­ның өндірістік әлеуетін арттыру үшін бірқатар шаралар ұсынды.
Ол бойынша 150 сүт қабылдау пункті, оның ішінде 6 белдеу аймағы, 2,5 мың отбасылық бордақылау алаңдарын ашу көз­делген.
«Құрылатын бордақылау алаңдары мал сою, ет әзірлеп, сату және жем-шөппен қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктіріледі» деді А.Мырзахметов.
Сондай-ақ, кездесу бары­сын­да көтерме үлестіру орта­лықтарын құ­ру мәселесі де кө­­терілді. Аталмыш орта­лық ауыл шаруашылығы коопе­ративтеріне біріктірілген жеке қосалқы шаруашылықтар үшін өз өнімдерін орналастыратын алаң қызметін атқарады. Алдағы уақытта халыққа қолжетімді бағамен делдалдардың қаты­суынсыз отандық сапалы өнім­ге деген қажеттілікті өтеуге мүмкіндік береді.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button