ЖаңалықтарҚала тіршілігі

АСТАНА БЮДЖЕТ ДОНОРЫНА АЙНАЛАДЫ

14

Астанада ағымдағы жылы жалпы өңірлік өнім 5,9%-ға ұлғайды. Елорданың 2015-17 жылдарға арналған бюджет жобасында негізгі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қаржы қарастырылған, сонымен қатар, 2015 жылдан бастап Астана республикалық бюджет донорларының бірі болады.

Жақында құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәсе­лелері жөніндегі қалалық мәс­ли­хаттың тұрақты комиссиясы же­ке­леген әкімшілік бюджеттік бағ­дарламалардың 2015-2017 жыл­дарға арналған бюджет жобасын талқылады.

Қалалық мәслихаттың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жалпы, жаңа үш жылдық бюджетті қалыптастыру барысында еске­ріл­ген индикаторлар елімізді да­мыту стратегиясын жүзеге асы­румен тығыз байланысты. Осын­дай базалық бағдарламалар қата­рына  үдемелі индустриялық-инновациялық, «Тұрғын үй ша­руа­шылығы кешенін модернизациялау және дамыту» және «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламаларын қосуға болады.

Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын болжау негізінде бюджет түсімдерін бол­жамдау әдістемесіне сәйкес 2015-17 жылдары жергілікті бюджет кірісіне болжау жасалды. Жергілікті бюджет кірісінің 90%-ын салық түсімдері құрайды.

Елорданың әлеуметтік-эконо­микалық дамуын болжау аясында жалпы өңірлік өнім кө­лемі ұлғайып, бөлшек сауда ай­на­лымының және өнеркәсіптік өнім көлемі артады деп күтілуде. 2015 жылдан бастап Астана республикалық бюджет донор­ларының бірі болады. Комиссия отырысында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің – энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, құрылыс басқармасының негізгі көрсеткіштері қаралды.

 Сағи ОРАЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button