Елорда тынысы

«Астана»-«Челси» қайда ойнайды?

«Астана» мен «Челси» арасындағы матч қай қаладағы стадионда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

12 желтоқсан күні «Астана» футбол клубы УЕФА Конференция лигасы аясында лондондық «Челсиді» қабылдайды. Матч Алматыдағы орталық стадионда өтетін болды.

Ресми ақпарат «Челси» футбол клубының сайтында жарияланды. Онда сыйымдылығы 30 000 көрерменді құрайтын, шатыры тартылатын және жер асты жылытуы бар «Астана Арена» стадионы жөндеу жұмыстарына жабылғаны, соған байланысты «Астана» футбол клубы матчтарын басқа стадионда өткізуге мәжбүр екені айтылған.

«Олар осыған дейін Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде «Милсами», «Корвинул» және «Браннға» қарсы матчтарын Алматы орталық стадионында өткізген. 12 желтоқсанда дәл осы стадионда «Челсиді» қабылдайды», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, УЕФА Конференция лигасының форматы биыл түбегейлі өзгерді. Елордалық «Астана» клубы УЕФА Конференция лигасының 2024/25 жылғы маусымында «Челси» (Англия), АПОЭЛ (Кипр), «Пафос» (Кипр), «Витория» (Португалия), «Нью-Сейнтс» (Уэльс), ТСЦ (Сербия) командаларымен кездеседі. «Астана» жалпы алты матч өткізеді: үшеуі өз алаңында, үшеуі қонақта. «Астана» клубы өз алаңында «Челси», «Витория» және ТСЦ командаларына қарсы ойнайды, ал қонақта АПОЭЛ, «Нью-Сейнтс» және «Пафос» ұжымдарына қарсы кездесу өткізеді.

УЕФА Конференция лигасының биылғы маусымында 36 команда бақ сынайды.

Жарыстың жаңа ережесі бойынша жалпы үздік шыққан сегіз команда 1/8 финалға тікелей жолдама алады, ал 9-24-орын алған клубтар қосымша ойындар өткізеді. Жеңіске жеткен командалар 1/8 финалға шығады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button