Елорда тынысы

«Астана» чемпиондыққа жақындай түсті

Елордалық «Астана» футбол командасы бүгін Премьер-лига командалары арасындағы 23-турда сырт алаңда Семейдің «Елімай» командасымен кездесті, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/ 

Екі команда да биыл чемпиондық атаққа талас жүргізіп келеді. Әсіресе елордалық команданың бас жүлдені алуға мүмкіндігі зор. Сондықтан олар әрбір кездесуде жеңіске жету жолын іздейді.

Кездесу барысында олардың қатарынан Усман Камара 33-минутта есеп ашса, Марин Томасов 38-минутта басымдықты арттырды.

Ал елордалық клубтан Рамазан Кәрімов 82-минутта қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Астана» қарсыласын 3:0 есебімен тізе бүктіріп, 37 ұпаймен үшінші орынға көтерілді. Олардың көш басындағы «Ордабасыдан» екі ұпайы кем болып тұр. Оған қоса бір ойынды аз өткізген.

Ал Қызылорданың «Қайсары» өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» 5:1 есебімен тізе бүктірсе, Петропавлдың «Қызылжары» «Атырауды» 3:2 есебімен жеңді.

Аталған турда 19 қазанда қостанайлық «Тобыл» Шымкенттің «Ордабасы» командасынан, астаналық «Жеңіс» Талдықорғанның «Жетісуынан» 1:0, алматылық «Қайрат» түркістандық «Тұраннан» 1:0 есебімен басым түсті.

 

Сурет:  fca.astana

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button