Жаңалықтар

АСТАНА ДЕП ӘН САЛАДЫ…

Гала-концерт «Ән жүрегім - Астана!»_контент

Еліміздің шығармашыл жастары «Ән жүрегім – Астана!» республикалық байқауына үлкен қызығушылық танытып отыр. Өтініштер еліміздің түкпір-түкпірінен келіп түсуде.

Төрт жыл бойы қатарынан өткізіліп отырған байқауға еліміздің бас қаласы Астананы әнге қосқан қазақстандық жастар қатысады. Іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өткен қатысушылар Астана күніне орай ұйымдастырылатын гала-концертте қазақстандық эстрада әншілерімен бір сахнада өнер көрсететін болады.

Қазіргі кезде өтініштерді қабылдау жалғасуда. Байқауға 18-30 жастағы жас әншілер, әуесқой және кәсіби шығармашылық ұжымдар, ансамбльдер мен жеке орындаушылар қатыса алады.

Байқауға қатысу үшін өтініш-анкета, әннің сандық тасымалдағыштарға жазылған нұсқасын және сурет жолдау керек.

Байқауға өтініштер мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 25 («Өркен» іскерлік орталығы), каб. 401. Тел.: +7(7172) 910845 немесе e-mail: baiterek-press@mail.ru, «Ән жүрегім – Астана!» байқауына» белгісімен қабылданады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button