Қоғам

«Astana Eurasian Book Fair – 2025» VIII Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің орталығында 23-27 сәуір күндері «Astana Eurasian Book Fair – 2025» VIII Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді. Бұл Орталық Азиядағы ең ауқымды мәдени-ағартушылық шаралардың бірі болмақ, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Astana Eurasian Book Fair – 2025» кітап көрме-жәрмеңкесін ұйымдастырушы – «Фолиант» баспасы».

«Фолиант» – баспа индустриясында 1996 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан көпсалалы қазақстандық баспа.

«Astana Eurasian Book Fair – 2025» көрмесіне Қазақстан, Ресей, Түркия, Испания, Иран, Өзбекстан, Португалия және Қытай елдерінен 70-ке жуық баспа, кітап сату, танымдық-ғылыми білім беру және полиграфиялық компания қатысады.

Көрменің басты мақсаты – кітап оқуды дәріптеу, оқу мәдениетін қалыптастыру, кітап нарығындағы жаңа өнімдерді көрсету, баспа саласындағы заманауи технологияларды таныстыру және халықаралық әріптестікті дамыту.

Көрме аясында төмендегідей іс-шаралар өтеді:

* Балаларға, жасөспірімдерге және ересектерге арналған кітаптардың таныстырылымдары;
* Танымал жазушылармен және ақындармен кездесулер, автограф-сессиялар;
* Кәсіби кездесулер мен пікірталастар;
* Балалар алаңында кітап оқу, шеберлік сабақтары және шығармашылық кездесулер;
* Құнды сыйлықтар ұтысы.

Көрменің салтанатты ашылу рәсімі 23 сәуір күні, сағат 11:00-де өтеді. Оған мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал қаламгерлер мен шетелдік елшілер қатысады.

Көрме аясында дәстүрлі түрде «Жылдың үздік кітабы» байқауы келесі номинациялар бойынша өтеді:

* Жыл кітабы;
* Үздік дебют;
* Үздік көркем әдебиет;
* Нон-фикшн жанрындағы үздік кітап;
* Түріксойдың Гран-приі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button