Қоғам

Astana Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды

Астанадағы Президенттік орталықта VII халықаралық «Astana Eurasian Book Fair – 2025» кітап жәрмеңкесі ашылды. Онда жетекші қазақстандық және шетелдік баспалардың жаңадан басып шығарған балалар, көркем, оқу және ғылыми-көпшілік әдебиеттері ұсынылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Көрме-жәрмеңкенің ашылуы Ұлттық кітап күнінде өтті. Шара қонақтарын мерекемен қала әкімінің орынбасары Есет Байкен құттықтады.

«Сіздерді білім, мәдениет және рухани даму ісін бағалайтындардың басын қосатын мереке – Ұлттық кітап күнімен құттықтаймын. Астана – әлемдегі ең жас астаналардың бірі. Ол жарқын болашақ идеясына, даму мен жасампаздыққа ұмтылуға негізделген. Ал бұл ұмтылыстың негізінде, әрине, білім жатыр. Ал білімнің негізі – кітап. Бүгінгі кітап көрмесі. Бүгінгі «Astana Eurasian Book Fair – 2025» кітап көрмесі Мемлекет басшысының бастамасымен бастау алған жаңа маңызды мерекемен тұспа-тұс келіп отыр. Астана сегізінші жыл қатарынан халықаралық кітап диалогының алаңына айналды. Бұл іс-шара бүгінде ауқымды халықаралық көрмеге айналды. Биыл 15-тен астам елден авторлар, баспагерлер мен оқырмандар қатысып жатыр. Бұл кітапқа деген қызығушылықтың жанданып, өсіп келе жатқанын, дәл осы жерде, елордада шекарасыз мәдени кеңістік қалыптасып келе жатқанын дәлелдейді. Ұйымдастырушыларымызға, серіктестерімізге және осы іс-шараға жан-тәнімен берілген әрбір адамға ерекше алғыс айтамыз. Сіздердің арқаларыңызда фестиваль өсіп, жаңа көкжиектер ашылып жатыр», – деп атап өтті Есет Байкен.

Іс-шараға Қазақстан, Ресей, Моңғолия, Иран, Өзбекстан, Испания, Португалия, Қытай және т.б. елдерден баспа, кітап сату, ғылым, білім беру және баспа үйлерін көрсететін 70-ке жуық компания қатысты.

«Astana Eurasian Book Fair – 2025» VIII халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі елордалық кітап сүйер қауым үшін ерекше оқиға болды. Жиын жаңа әдебиеттермен танысу алаңы ғана емес, авторлармен кездесіп, олардың қолтаңбасын алып, пікірлестермен қызықты тақырыптарды талқылайтын орынға айналды.

Кітап жәрмеңкесі 27 сәуірге дейін Бөкейхан көшесі, 1а мекенжайында жалғасады. Кіруі тегін.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button