Елорда тынысы

«Астана» ФК өзінің футбол академиясына ие емес

«Астана» ФК өзінің футбол академиясы мен инфрақұрылымына ие емес, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

6 жыл ішінде клуб футбол алаңдары мен үй-жайларды жалға алуға 1,4 млрд теңге жұмсаған. Бұл туралы Антикор мен Туризм және спорт министрлігі бірлесіп жасаған спортты қаржыландыру саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауда айтылды.

“Қазіргі заманғы спорт нысандарының жетіспеушілігі спортшыларды сапалы даярлау мүмкіндігін шектейді. Бұл әсіресе спорттық нысандар жиі қол жетімді емес немесе қанағаттанарлықсыз жағдайда болатын аймақтарда байқалады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы кәдімгі жаяу жүргіншілер жолдары мен велосипед жолдарының тапшылығына бағытталған.

Ал еліміз бойынша 374,2 мың м2 жабық спорт ғимараттарының, 376,4 мың м2 бассейндердің тапшылығы байқалады (Алматы, Астана, Түркістан және Алматы облыстарындағы ең үлкен тапшылық)” делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметінде.

Сондай-ақ, тексеру барысында ведомство мына жағдайға аса мән береді.

“Спорт кешендері мен футбол академияларын салудың орнына спорттық ұйымдар легионерлерді ұстауға көп ақша жұмсаған.

Мысалы, ең қымбат «Астана» ФК (2018-2023 жылдары 50 млрд теңге, құрылтайшысы – Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қазспортинвест» АҚ «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» корпоративтік қоры және ҰОК) өзінің футбол академиясы мен инфрақұрылымына ие емес.

6 жыл ішінде (2018-2023 жж.) клуб футбол алаңдары мен үй-жайларды жалға алуға 1,4 млрд теңге жұмсады” делінген хабарламада.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button