Басты ақпаратЖаңалықтар

Астана форумы қорытындыланды

Екі күнге созылған Астана экономикалық форумы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен арнайы пленарлы отырыста қорытындыланды. «Қазақстан» орталық концерт залындағы жиынды үйлестіруші ретінде ашқан «The Independent» газетінің бас экономикалық шолушысы Хэмиш МакРей биылғы форумның ауқымы жайында айта келіп, Қазақстанның экономикалық жетістіктеріне арнайы тоқталды.

Басты жиынға Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберту Азеведу, Еуропа қайта құрылымдау және даму банкінің президенті (ЕҚҚДБ) Сума Чакрабарти, AliBaba Group интернет-коммерция саласындағы Қытай компаниясының негізін қалаушы Джек Ма, Колумбия университетінің Жер институтының директоры және The Economist Британ журналының нұсқасы бойынша әлемнің ең беделді үш экономисінің бірі Джеффри Сакс, Массачусетс технологиялық институтының экономика профессоры, Джон Бейтс Кларк медалінің 2005 жылғы иегері Дарон Аджемоглу сияқты әлемге белгілі тұлғалар қатысты.

Алдымен сөз алған Президенттіміз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның мемлекет болып қалыптасуда қандай қиын белестерді артқа тастағаны жөнінде әңгімеледі.

Біздің еліміздің 25 жыл ішіндегі қол жеткізген белестері, әсіресе экономика саласындағы табыстар әлемдегі жетекші елдердің де қызығушылығын туғызған. Соңғы он жылда Қазақстандағы өмір сүру ұзақтығы 64 жастан 73 жасқа дейін көтерілуі айта қаларлықтай жетістік. Өз кезегінде сөз алған Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберту Азеведу, Еуропа қайта құрылымдау және даму банкінің президенті (ЕҚҚДБ) Сума Чакрабарти, AliBaba Group интернет-коммерция саласындағы Қытай компаниясының негізін қалаушы Джек Ма және басқалары әлемдік экономикалық, әлеуметік және тағы басқа маңызды салаларға қатысты нақты ұсыныстар айта алатын бірегей форум деген баға берді.

Меңдолла ШАМҰРАТОВ

ФОТО: ВАСИЛИЙ КРАСЬ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button