Әлеумет

Астана форумын өткізуге қаржыны демеушілерден қарастырамыз

Сенат кулуарында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Астана халықарылық форумына бөлінетін қаржы жайлы БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап, берді деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Оның айтуынша, бұл форумды өткізуге мемлекеттік бюджеттен қаржы қарастырылмайды.

Бұл форумның тарихы 2008 жылдан басталады.Өздеріңіз білесіздер. 17 жыл болды. Ковид кезінде 2 жыл өткізілмеді. Былтыр су тасқынында да 1 жылға тоқтады. Бірақ бұл Қазақстанның визиттік карточкасы. Мұндай форумдар керек. Себебі мұндай форумдар танымал, салмақты, белсенді адамдарды тартады. Бүкіл әлемнен президенттер, бизнесмендер келеді. Қазақстанды көрсетеміз. Қаржы тартамыз. Сол себептен неге өткізбейміз. Өткіземіз. Біраз биыл әрине Үкіметтің қаулысымен қаражат жетпесе бюджеттен мүмкін алармыз дедік. Бірақ маған берілген тапсырма демеушілер арқылы табу. Мүмкіншілік болса бюджеттен ешқандай қаражат алынбайды,-деді Серік Жұманғарин.

Оның айтуынша, Астана халықарылық форумын өткізуге 4,5 млрд теңге жеткілікті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button