SportБасты ақпарат

«Астана» футбол клубы 27 шілдеде «Селтик» командасын қабылдайды

index

27 шілдеде «Астана» клубы Чемпиондар Лигасының 3-ші іріктеу кезеңі аясында шотландиялық «Селтик» командасымен ойнайды. «Астана Арена» стадионында өтетін матч сағат 20:00-де басталады. Бір аптадан кейін екі ұжым Шотландияда сынға түседі.

Бұған дейін іріктеудің 2-ші айналымында елордалық клуб екі ойын қорытындысы бойынша литвалық «Жальгиристен», ал «Селтик» гибралтарлық «Линкольннен» басым түсті.

Еске сала кетейік, «Селтик» 2013 жылы «Астана Аренада» ойнаған еді. Ол кезде шотландиялықтар қарағандылық «Шахтер» командасына 2:0 есебімен есе жіберді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button