Sport

«Астана» футбол клубы «Жальгирис» командасын 2:1 есебімен ұтты

photo_80246

«Астана Арена» стадионында Чемпиондар Лигасының 2-ші кезеңі аясында елордалық «Астана» мен литвалық «Жальгирис» арасындағы матч аяқталды. Тартысты өткен ойында «Астана» 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Литвада өткен алғашқы кездесу 0:0 есебімен аяқталған еді. Осылайша елордалық футболшылар Чемпиондар Лигасының 3-ші кезеңіне шықты.

 

«Астана» (Астана, Қазақстан) – «Жальгирис» (Вильнюс, Литва) 2:1 (1:0).

Голдар: Аничич 31 (1:0), Эливелто 57 (1:1), Аничич 90+ (2:1).

Ескертулер: Мұжықов 64, Шомко 80 – Климавичюс 42.

«Астана»: Эрич, Аничич, Максимович, Ибраими (Деспотович 72), Шитов, Нөсербаев (Мұжықов 55), Твумаси, Логвиненко, Кабананга, Шомко, Каньяс.

«Жальгирис»: Клевинскас, Климавичюс, Слейнгард, Мбодж, Благоевич, Вайткунас, Лукша, Миколюнас (Атайич 54), Эливелто (Люич 77), Куклис, Калуджерович (Жалюкас 85).

Бас төреші: Сандро Шерер (Швейцария).

20 шілде. Астана. «Астана Арена».

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button