Ел тынысы

«Астана» халықаралық қаржы орталығында тарихи рекорд тіркелді

АХҚО-да наурыз айында AIX-тегі сауда-саттық көлемі $323,85 млн құрады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
«Сіздерге 2024 жылғы наурыз айында «Астана» халықаралық қаржы орталығында атқарылған жұмыстар жайындағы дәстүрлі топтаманы ұсынамыз:
АХҚО нарықтан ұсыныстар алу үшін «Кепілдіктер туралы» және «Жеке мүлік туралы» актілерге ұсынылатын түзетулер бойынша Консультативтік құжат шығарды.
Наурыз айында AIX-тегі сауда-саттық көлемі $323,85 млн (145,82 млрд теңге) құрады, бұл АХҚО биржасы тарихындағы абсолютті рекорд.
АХҚО-да Сhapter Zero Kazakhstan ресми түрде іске қосылды.
АХҚО Соты мен ХТО 79 іс бойынша шешім шығарды (1 сот, 25 төрелік және 53 медиативтік келісім).
АХҚО Қазақстандағы исламдық қаржыландыру нарығының дамуы жөніндегі есепті жұрт назарына ұсынды.
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) цифрлық активтер қызметтерінің провайдерлерін цифрлық активтерге негізделген өнімдер мен қызметтердің жаңа түрлерін сынақтан өткізуге шақырды.Бұл туралы толығырақ ақпаратты ресми сайттан да оқуға болады», – делінген хабарламада.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button