Қоғам

Astana Invest фронт-кеңсесі қандай жобаларға қолдау көрсетеді?

Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов пен ведомстволық ұйымдардың өкілдері: Astana Invest және Астананы дамыту орталығының басшылығы Astana Invest фронт-кеңсесінде кездесу өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесуде ағымдағы жобалар мен келер жылдың жоспарлары талқыланды.

«Елімізде инвесторлар үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Өткен жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен Инвестициялық штаб құрылып, өңірлік Инвестициялық штабтың тұрақты отырыстары өтуде. Жергілікті және атқарушы органдар, сондай-ақ коммуналдық қызметтер елорда аумағында инвестициялық жобаларды іске асыруға қажетті қолдау көрсетуге дайын», – деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов.

Astana Invest фронт-кеңсесі жыл басынан бері жұмыс істеп келеді. Қалада инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатқан жергілікті және шетелдік инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетеді.

Ә.Мәмбетов көшесіндегі «Аффари» бизнес орталығында орналасқан кеңсенің жұмысы «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастырылған, бұл инвесторларды тарту мен сүйемелдеу үдерісін және мемлекеттік қызметтерді ұсынуды жеңілдетеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button