Қоғам

Астана іскерлік туризмнің негізгі орталықтарының біріне айналуда

Астанада халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өткізу үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Бас қала іскерлік және оқиғалық туризмнің негізгі орталықтарының біріне айналуда. Алдағы айларда елордада бірқатар ауқымды халықаралық іс-шаралар өткізу жоспарланған. Бұл туралы ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің Туризм саласындағы жүйелі шараларды жүзеге асыру басқармасының басшысы Нұрбол Байжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz .

18-22 тамыз аралығында Астана IFLA Дүниежүзілік кітапханалық және ақпараттық конгресін өткізу алаңына айналады. Кітапханатану саласындағы ең ірі оқиғаға әлемнің 130-дан астам елінен 4000-ға жуық делегат жиналмақ.
«Аталған МІСЕ іс-шараны өткізу Астанаға шамамен 2 млн еуро табыс әкеледі деп күтілуде. Жиынтық пайда делегаттардың тұруға, көлікке, тамақтануға және басқа да қызметтерге жұмсаған шығындарынан құралады», – деді ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің Туризм саласындағы жүйелі шараларды жүзеге асыру басқармасының басшысы Нұрбол Байжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Спикердің айтуынша, Астанада халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өткізу үшін барлық қажетті жағдайлар жасаған. Қалада 10 мыңнан астам жиынтық нөмір қоры бар 300 жуық қонақ үй, сондай-ақ 120-дан астам мәдени және ойын-сауық нысаны жұмыс істейді. Сонымен қатар Астана 19 елмен (27 бағыт) әуе қатынасын орнатты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button